Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Алғыс айту күніне арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушылар мен студенттер арасында «Алғыс айту — парызым» атты эссе жазу сайыстары ұйымдастырылды.
Осыған орай, бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратының мәжіліс залында 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Қазақ елі — құтты жер» атты кездесу өтті. Кездесуде Университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі А.Ж. Оразбақов студенттер арасында ұйымдастырылған сайыс жеңімпаздарын арнайы сыйлықтармен марапаттады. Кездесу модераторы «Жастар ісі жөніндегі комитет» төрайымы Б.Н.Шадиева болды. Кездесуді оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Ж.Н. Базартай құттықтау сөзімен ашты. 
Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы С.Е.Сахиевтың баяндамасы тыңдалды. Фин-18-3 оқу тобының студенті А.А.Шамуратов және студенттік Парламент депутаты А.М.Айтмахан алғыстарын білдірді. М-16-1 оқу тобының студенті Р.С.Сейтқасым кездесуді өз арнауымен аяқтады.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Қызылорда облысы Ассамблеясы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?